«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Павлодарлық зауыт Қазақстанда бірінші болып эпоксидті қосылысты шығарды

2023 жылғы 19 Сәуір
- Павлодар облысы
8087 просмотров

«Компания Нефтехим LTD» ЖШС - Павлодар қаласындағы метил-терт-бутил эфирі мен полипропилен өндіретін зауыт-республикада бірінші болып эпоксидті қосылысты өндірісін іске қосты және импортты алмастыру үшін қазақстандық нарықта тұтынушыларды іздеуде. Өндіріс қуаты-жылына 10 000 тонна өнім.
Эпоксидті қосылыс полимерлеу қоспасымен сіңдірілген шыны ровингті (әйнек талшықты бұйым, ол бұралмаған талшықтардан тұратын жұқа шыны жіп) «дымқыл» орамдау әдісімен алынған шыны талшықты құбырлар өндірісінде байланыстырғыш ретінде қолданылады, содан кейін пеште термиялық өңдеуден өтеді.
Шыны талшықты бұйымдар агрессивті орталармен, ыстық сумен, маймен, кез келген концентрациядағы сілтілермен, ыстық тұз ерітінділерімен және қышқылдармен байланыста қолданылады. Сонымен қатар, олар ыстық және суық ауыз және техникалық сумен жабдықтау, канализация, мелиорация, шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау жүйелерінде қолданады.
Сондай-ақ қосылысты электротехникада, радиоэлектрондық өнеркәсібінде, авиацияда, кеме жасауда және машина жасауда, құрылыста арматураланған пластмассалар үшін желім, тығыздағыш және байланыстырғыш ретінде қолданылады.
Дайын өнім екі құрамдас бөліктен тұрады: А компоненті (эпоксидті шайыр) көлемі 220 килограмм болат бөшкелерге құйылады, В компоненті (қатайтқыш) 20 кг болат шелектерге құйылады.

«Компания Нефтехим LTD» ЖШС қазақстандық нарықта өз өнімін импортты алмастыру мақсатында тұтынушыларды іздестіруде», - дейді Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Серік Сәдуақасов.

Өнімге қызығушылық танытқан кез келген адам «Атамекен» ӨКП 65 44 12 телефоны арқылы хабарласа алады.
Компанияның байланыстары: Павлодар қ., Химкомбинатовская, 4. көш. Тел.: 61 10 88. E-mail: cans@nephtechim.kz.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер