«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Павлодарлық «Атамекен» тұтынушылардың құқығын бұзатын демалыс үйлері арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуді ұсынды

2023 жылғы 29 Маусым
- Павлодар облысы
8284 просмотров

Павлодар облысының кәсіпкерлер палатасында «дөңгелек үстел» отырысы туризм мәселелеріне арналды.

«Баянауыл ауданының әкімдігі қызмет көрсету кезінде тұтынушылардың құқықтарын бұзатын жағдайлар туралы демалыс үйлерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізсін. Павлодар облысының кәсіпкерлік басқармасы жүргізіліп жатқан жұмысты бақылауға алсын», - деп шешілді Павлодар облысының кәсіпкерлер палатасында туристік қызметтер саласындағы мәселелер бойынша «дөңгелек үстел» отырысында.

Кездесуді Павлодар облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаментінің басшысы Дәулен Қабдушев өткізді. Отырыста өңірде, атап айтқанда, Баянауыл ауданында осы саланың толыққанды дамуына кедергі келтіретін әртүрлі көлемдегі мәселелер туралы сөз болды. Кәсіпкерлердің айтуынша, бұл ауданда тауар жапсырмаларында және кассада бағаның өзгеруі жағдайлары орын алуда.

«Павлодар облысының полиция департаментіне кәсіпкерлік субъектілерінің жапсырмалары мен кассаларындағы бағалардың айырмашылығының расталған фактілерін жеткізу және шаралар қабылдау үшін жолдама беру бөлігінде жәрдем көрсету ұсынылды», - делінген кездесуде.

Сонымен қатар, отырысқа қатысушылар тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілетті орган және тұтынушылық дауларды сотқа дейін реттеу ұйымдары туралы ақпаратты орналастыру қажеттілігін түсіндіру қажеттігі туралы айтты.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер