«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Экономикалық тергеу департаментінің басшысы өңірлік кәсіпкерлер палатасында  кәсіпкерлердің жеке қабылдауын өткізді

2023 жылғы 21 Тамыз
- Павлодар облысы
7584 просмотров

Павлодар облысының Экономикалық тергеу департаменті басшысының міндетін атқарушы өңірлік кәсіпкерлер палатасында өздеріне қатысты мәселелер бойынша бизнес өкілдерін қабылдады.

Қабылдауда тұтынушылар құқығын қорғау қоғамдық ұйымының директоры Юрий Страхов облыс әкімдігінің қалалық жолаушылар тасымалының сараланған тарифі туралы бекітілген қаулысына қатысты сауалмен жүгінді.

«Мұндай қабылдаулар ай сайын бизнесті қорғау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар барысында өтеді. Сондай-ақ, мемлекеттік органдардың басшыларымен «Атамекен» ӨКП-ның алаңында жоспарланған тұрақты семинарлар, құқық қолдану практикасын зерделеу және түсіндіру үшін «дөңгелек үстел» аясында кездесуге болады», – деп атап өтті ӨКП мамандары.

Жеке қабылдауға жазылу үшін бизнес өкілдері 87002946385 телефон нөмірі бойынша өңірлік кәсіпкерлер палатасына жүгіне алады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер