«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Атамекен» мамандары Екібастұзда арнайы салық режимі мен кәсіпкерлердің жалпы декларациясын түсіндірді

2023 жылғы 28 Қыркүйек
- Павлодар облысы
7784 просмотров

Павлодар облысының кәсіпкерлер палатасы Екібастұз қаласы филиалының алаңында мемлекеттік кірістер басқармасымен бірлесіп салықтық есептілік: бөлшек салық және кәсіпкерлерді жалпыға бірдей декларациялау тетіктерін түсіндіру бойынша жұмыс кездесуі өтті.

«Бөлшек салық — бұл бизнес субъектілері үшін салық салудың неғұрлым жұмсақ шарттарын, салық есептілігін уақтылы тапсыру тәртібін сақтауды көздейтін арнайы салық режимі», - деп түсіндірді Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасының Екібастұз қалалық филиалының директоры Медият Мұсанап.

Жалпыға бірдей декларация 2024 жылдың бірінші қаңтарында заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары, сондай-ақ жеке кәсіпкерлер мен олардың жұбайлары үшін енгізіледі.

«Кәсіпорындарға салық заңнамасының қыр-сырын білу ғана емес, салықты уақытында, дұрыс төлеу және бюджетке басқа да аударымдарды енгізу маңызды. Біздің міндетіміз – осы мәселелер бойынша кәсіби кеңес беру», – дейді Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Ерқанат Әбенов.

Мұндай кездесулер тұрақты түрде өткізілетін болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер