«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Павлодарлық "Атамекен" ТЖ штабы: соңғы күндер шежіресі - 1

2024 жылғы 08 Сәуір
- Павлодар облысы
6558 просмотров

Кәсіпкерлер, "Атамекен" Павлодар өңірлік палатасының әлеуметтік мәселелер жөніндегі салалық кеңесінің мүшелері өз қаражаттарына су тасқынынан зардап шеккен адамдарға азық-түлік пен сабын құралдарын сатып алды.

Кеңес төрағасы Әлия Түсіпбекова әріптестерімен бірге сатып алынғанның бәрін Палата кеңсесіне алып келді.

 "Кәсіпкерлер өз есебінен он азық-түлік жиынтығын, он пакет сабын жуатын және санитарлық-гигиеналық құралдарды сатып алды. Мұның бәрі алдағы күндері үйлері су астында қалған адамдарға және апат салдарынан зардап шеккен бизнес субъектілеріне берілетін болады", - дейді "Атамекен" ӨКП директоры Ерқанат Әбенов.

 Сонымен қатар, бизнес апатқа ұшыраған азаматтарға көмек көрсету үшін өз еркімен қаржы жинауы жалғастыруда. Сегізінші сәуір сағат 11.00-дегі жағдай бойынша 1 301 000 теңге жиналды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер