«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Экономикаға қосқан үлес экологиялық таза болуы мүмкін-де, болуы керек-те

2024 жылғы 28 Маусым
- Алматы қаласы
5077 просмотров

Дереккөз: РПП "Атамекен" г. Алматы

«Таза Қазақстан» республикалық экоакциясының 10 номинанты Алматы қаласының «Атамекен» өңірлік палатасында марапатталды

Биыл Мемлекет басшысы бастамашылық еткен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына еліміздің көптеген кәсіпкерлері бір болып қолдау көрсетті. Алматыда Республикалық экоакция аясында «Алматы - біздің ортақ үйіміз» атты шара барысында аумақтарды көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде қала  саябақтарынан, скверлерінен, өзен жағалауларынан және таудағы алматылықтардың сүйікті демалыс орындарынан 20 мың текше метрден астам қоқыс шығарылды. Кәсіпкерлердің  бұл бастаманы толықтай қолдауы соншалықты болғаны: сенбіліктерге тек ұжым болып қана емес, отбасыларымен, балаларымен бірге шықты. Тазалық әдет-ғұрпымызға толықтай сіңу үшін, бұл акция бір мезгілдік болмауы керек, «бұл өмір салтына айналуы керек», - деді Президент.

Алматының кәсіпкерлері бұл сеніммен ынтымақтасып қана қоймай, жұмыс барысында экологиялық технологияларды да енгізуде. Мысалы, «LCI-MK» ЖШС темірбетон конструкциялары зауыты өз табысының 1% - экологиялық іс-шараларға жұмсап тұрады; «Caspian Beverage Holding» ЖШС одан әрі қайта өңдеу үшін пластик, қаңылтыр және шыны ыдыстарды қабылдаудың көптеген пункттерін құрды; қалалықтардың сүйікті «Dodo Pizza» ЖШС пластикалық қаптамадан бас тартып, оның неғұрлым экологиялық түрлеріне  ауысуда; «Blue Sky Taxi» тек электр машиналарын пайдаланады, бұл ауаға көмірқышқыл газының шығарындыларын 5 тоннадан астам мөлшерге азайтты. Мұның бәрі біздің экологиядағы ізімізді айтарлықтай азайтады.

Тіпті балабақшалар да экологиялық тәрбиені күшейтуде. Өйткені, олар сәбилердің бойында табиғат пен тазалыққа деген сүйіспеншіліктің негізін қалайды.

Арнайы дипломдарды тапсыра отырып, Алматы қаласы «Атамекен» ӨКП аппаратының басшысы Әділет Керімбеков номинанттардың әрқайсысының қызметі мен патриотизмін атап өтіп, қала экономикасына қосқан үлесі үшін де, оның экологиясын жақсартқаны үшін де ризашылығын білдірді.

«Елдің экономикалық әлеуетін қалыптастырудағы флагман бола отырып, кәсіпкерлер азаматтардың экомәдениетін қалыптастыруға да үлкен әсерін тигізуде. Күн сайын мыңдаған адамдармен байланыста бола отырып, экологияға деген көзқарасыңызбен, экологиялық акцияларға қатысуыңызбен, сіз бүкіл айналаңызға үлгі көрсетесіз. Сіздің күш-жігеріңізбен қала әдеміленіп, жақсара түсуде. Ең алдымен бұл сананы өзгертеді. Таза ортада өмір сүру де өте жағымды», - деді ол.

Естеріңізде болса, номинациаларды аймақтық палата маусым айының басында жариялады. Үш тұрғыда бекітілді: «Экокәсіпкер», «Экоамбассадор» және «Экомеценат». Арнайы комиссия барлық өтінімдерді қарап, кімді қандай номинацияда көтермелеу керектігін шешті.

Қазіргі әлемде экономикаға қосқан үлесі экологиялық таза болуы керек. Ал егер соңғы уақытқа дейін Қазақстанда ол негізінен агрессивті болса: қоршаған ортаға шығарындылар, пластик пен полиэтиленді жаппай пайдалану және т.б., бүгінде бизнес экологиялық технологиялар мен бағдарламаларды пайдалануда тонды белгілейді. «Таза Қазақстан» экоакциясы жыл соңына дейін жалғасады. Кәсіпкерлердің жоспарында тағы да көптеген жаңа экожобаларды іске асыру бар.


Ұқсас жаңалықтар:

Республика күніне орай марапаттау
24 Қазан
2024
Алматы қаласы
Нағыз алматылықтар, рахмет сіздерге!
1 Қыркүйек
2015
Алматы қаласы
Жаңа кеңседе – тың қуатпен
12 Тамыз
2015
Ақмола облысы

Еншілес ұйымдар

Серіктестер