«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Алматы қаласының «Атамекен» өңірлік палатасы жанындағы логистика және сауда жөніндегі салалық кеңес: Бизнесті дамытуға жаңа қадам

2024 жылғы 20 Қыркүйек
- Алматы қаласы
4285 просмотров

Дереккөз: Алматы қаласының «Атамекен» ӨКП

Кеңес жұмысының қағидаттары сындарлы диалог пен ынтымақтастыққа негізделеді, бұл бизнесті жүргізу үшін неғұрлым қолайлы жағдайлар жасауға мүмкіндік береді.

Кәсіпкерлердің алдында тұрған проблемалар инфрақұрылымның жетіспеушілігінен бастап рұқсат құжаттарын алу қиындықтарына дейін болуы мүмкін. Осы аспектілердің әрқайсысы компаниялардың операцияларына теріс әсер етіп, олардың бәсекеге қабілеттілігін төмендетуі мүмкін. Кеңес құрамына кәсіпкерлікте мол тәжірибесі бар және іскерлік қоғамдастықтың беделді өкілдері болып табылатын бизнес-құрылымдардың басшылары кірді. Бұл әртүрлілік әр қатысушының пікірі мен мәселелерін шешуге көмектеседі, нәтижесінде жан-жақты және теңдестірілген шешімдер шығарылады.

Кеңес жұмысы бірнеше бағыт бойынша жүзеге асады. Біріншісі: өзекті мәселелер талқыланатын, ұсыныстар мен идеялар қарастырылатын тұрақты отырыстар өткізу. Екіншісі: кеңес бизнес мүдделерінің өкілі ретінде әрекет ететін мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл орнату. Үшіншісі: жергілікті, сондай-ақ республикалық және халықаралық деңгейлердегі басқа да кәсіби қауымдастықтармен және ұйымдармен ынтымақтастық орнату. «Атамекен» палатасының тетіктері шешім қабылдау үдерісін жеделдетуге көмектесетінін атап өту маңызды. Бұл жедел көмекке мұқтаж кәсіпкерлер үшін маңызды артықшылық.

«Атамекен» барлық деңгейдегі кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған қызметтердің кең спектрін ұсынады. Бұл қызметтер бизнестің көптеген аспектілерін қамтиды. Бастапқы кезеңнен ұлғайтып, кеңейтіп және халықаралық нарықтарға шығуына дейін. Жұмыстың негізгі бағыттары ақпараттық, құқықтық және кеңестік қолдау болып табылады. Бізде күшті заң қызметі бар. «Атамекен» бизнестің мүддесін білдіретін барлық соттарға қатысуға құқылы. Яғни, сіз бұл адамдарға, біздің заңды блокқа бизнесті қорғау тұрғысынан сене аласыз. Әрине, салалық бағыттар да бар - бұл біз жинақтап әртүрлі органдарға жіберетін сараптамалар. Кейбір мәселелер оңайлықпен шешіледі, кейбіреулері, заңнаманы өзгерту жүйесінің мәселесі болса, пысықтауды қажет етеді. Біздің орталық аппарат деңгейіндегі бұндай салалық кеңестеріміз өте тиімді жұмыс атқарады», - деп атап өтті Өңірлік палата директоры Нұрсұлтан Шоқанов.

Күнделікті жұмыстарында көлік, логистика және сауда секторындағы кәсіпкерлер көптеген қиындықтарға тап болады. Мәселен:

1. Инфрақұрылымның жетіспеушілігі. Көптеген компаниялар қажетті көлік бағыттарына немесе логистикалық орталықтарға қол жеткізуде қиындықтарға тап болады.

2. Салықтық реттеу мәселелері. Салық заңнамасындағы өзгерістер компаниялардың қаржылық көрсеткіштеріне күтпеген әсер етуі мүмкін.

3. Халықаралық тасымалдарға шектеулер. Кедендік рәсімдер мен рұқсаттарға қатысты мәселелер бизнес-процестерді айтарлықтай баяулатуы мүмкін.

4. Кадр жетіспеушілі. логистика және сауда саласында жұмыс істеу үшін білікті мамандарға деген қажеттілік өзекті болып қала береді.

Кеңестің функциялары осы мәселелерді талдауға және оларды шешудің тұжырымдамалық тәсілдерін жасауға бағытталады. Бұл заңнаманы өзгерту бойынша ұсыныстарды, үздік тәжірибелер туралы ақпаратты таратуды және халықаралық байланыстарды орнатуға көмектесуді қамтуы мүмкін.

«Логистика мен сауданы біріктіргені дұрыс шешім. Өйткені, тиімді логистика болмаса, бізде сауда азаяды. Логистикалық шығындар неғұрлым қымбат немесе ұзағырақ болса, сату соғұрлым нашар болады. Кеңес жұмысы өз әсерін тигізеді деп сенемін. Себебі, өзім де қиын жағдай болған. 2021 жылы Қытай мен Қазақстан арасында көлік коллапсы болған кезде жеткізілім кідірісі алты айға дейін созылған. Ал баға болса 5 есе өсіп кеткен-ті.  Сол кезде бізді шынымен қолдаған «Атамекен» палатасы болды. Барлық мемлекеттік органдар түрлі себеп тауып, бас тартып проблеманы шешуге көмегін тигізбеді. «Атамекен» ештеңеге қарамастан мәселені шешуде табанды түрде пысықтауды жалғастырды. Себебі жеткізу мерзімін, еріксіз болса да, бұзған бизнес айыппұлдарға, сот процестеріне ілігіп, атына кір келеді, материалдық шығынғы ұшырайды, уақыт созылады. «Атамекен» бизнесті сауда кедергілерін жою үшін біріктіреді. Қазіргі таңда бізде бір проблема бар:  мысалы, Орталық Азия ішіндегі саудада - құжаттаманың екі қайталануы. Біздің негізгі сауда кедергіміз тарифтік шаралар емес, тарифтік емес шаралар болып табылады. Менің ойымша, біз бірінші кезекте көрші елдермен сауданы дамытуымыз керек, ал артық сауда тосқауылдары бізге кедергі келтіреді. Салалық кеңестің мүшесі ретінде оның жұмысына белсенді түрде жәрдемдесуге ниеттімін», - деп Оксана Сорокина өз көзқарасын жеткізді.

Салалық кеңеске қатысу кәсіпкерлердің өздері үшін де үлкен қадам болуы мүмкін. Ең алдымен, олар күнделікті іс-әрекетте кездесетін мәселелерді шешуге тікелей әсер ету мүмкіндігіне ие болады. Сонымен қатар, кеңес мүшелері тәжірибе алмасып, ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін таба алады. Сондай-ақ, Кеңестің жұмысы «Атамекен» палатасы ұсынатын түрлі дағдарысқа қарсы шаралар мен қолдау бағдарламаларына қол жеткізуді көздейтінін атап өткен жөн. Бұл әсіресе экономикалық тұрақсыздық жағдайында, көптеген бизнес қаржылық қиындықтарға тап болған кезде өзекті болуы мүмкін.

Логистика және сауда жөніндегі салалық кеңестің жұмысы Алматының бизнес-ортасын жақсарту үшін перспективалы мәнге ие. Шаһар Қазақстанның негізгі көлік тораптарының бірі болғандықтан, оның дамуы мен логистикалық инфрақұрылымды қолдауы ұлттық маңызға ие. Инвестицияларды тарту, қызмет көрсету сапасын жақсарту және процестерді оңтайландыру сектордағы кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін едәуір арттыра алады. Кеңестің бірінші отырысы танысу болып, өзара байланыс орнатып, бірауыздан төрағалыққа Оразаев Ерсін Серікұлын сайлады. Оның бизнесті жүргізудегі тәжірибесі мол, сонымен қатар бұған дейін Қазақстанның мемлекеттік органдары мен ұлттық компанияларында жауапты лауазымдарды атқарған. Кеңес мүшелері оның тәжірибесі мен ынта-жігері салалық кеңесті Алматының бизнес-қоғамдастығының проблемаларын шешудің пәрменді органы болуына  көмектесетініне сенімді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер