«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

БАБӨ, әлеуметтік кәсіпкерлік және жаңа әріптестіктер: Жамбыл облысы кәсіпкерлерді қалай қолдайды

2024 жылғы 15 Қараша
- Жамбыл облысы
862 просмотров

Жамбыл облысының Кәсіпкерлер палатасы 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба аясында маңызды жобалардың бірі болып табылатын «Бір ауыл – бір өнім» (ОСОП) жобасын белсенді түрде жүзеге асыруда. Бұл жоба ауыл тұрғындарына нарықта сұранысқа ие, бәсекеге қабілетті және сертифткатталған аймақтық өнімдер өндіруге мүмкіндік беріп, ауылдық кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған.

Осы жоба аясында 2024 жылдың 20 қыркүйегінде аймақтық жәрмеңке-көрме өткізілді. Оған шамамен 100 өндіруші қатысты. Іс-шарада Жамбыл облысының әкімі Е.Ш. Каршөкеевтің бизнес қауымдастығы өкілдерімен кеңейтілген кездесуі өтті. Маңызды нәтижеге жетуде Кәсіпкерлер палатасы, М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті және Шерхан Муртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты арасында ынтымақтастық туралы меморандумдар жасалды. Бұл келісімдер  өндіріс технологиялары, сапа бақылауы, маркетингтік сүйемелдеу, электронды сауда және өнімдерді сертификаттау сияқты бағыттар бойынша ОСОП қатысушыларын оқыту мен қолдауда негіз болды.

Алайда, жоба бірнеше қиындықтарға тап болуда. Негізгі мәселелердің бірі – аудандық деңгейде санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға сәйкес келетін қолайлы ғимараттардың жоқтығы, бұл тамақ өнімдерін өндіретін мини-цехтардың құрылуына кедергі келтіруде. Сонымен қатар, жоба қатысушыларының өнімдерін сату үшін сауда алаңдарының жетіспеушілігі байқалады. БАБӨ жобасына қатысатын шағын кәсіпорындар бұл мәселелерді өз бетінше шешуге ресурстары жоқ, себебі олардың ғимарат сатып алу, зертханалық сынақтар жүргізу және рұқсат құжаттарын алу шығындарын жабуға мүмкіндікдіктері жоқ болып отыр.

Бұл және басқа да мәселелер Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасының әлеуметтік мәселелер бойынша салалық кеңесінің және өнеркәсіп кеңесінің кеңейтілген отырысында талқыланды. Қатысушылар кәсіпкерлерді қолдау бойынша тиімді жолдар мен шешімдер табуға және әлеуметтік кәсіпкерлікті танымал етуге ерекше көңіл бөлді. Әлеуметтік кәсіпкерлік аймақтық экономиканың маңызды бөлігіне айналып, бизнес мүдделері мен әлеуметтік мәселелерді шешуді біріктіретін модель ретінде қалыптасты. Жамбыл облысында әлеуметтік кәсіпкерлердің реестріне 20 кәсіпорын енгізілген, олардың өкілдері де отырысқа қатысты. Әлеуметтік кәсіпкерлер тек жұмыс орындарын құрып қана қоймай, өмір сүру сапасын жақсарту, аз қамтылғандарға көмек көрсету және жергілікті қауымдастықтарды дамыту сияқты әлеуметтік мәселелерді шешуге белсенді қатысуда.

Қол қойылған меморандумдар айтарлықтай мультипликативті әсерге ие болады. Аймақтың университеттері бизнесті сүйемелдеу үшін өздерінің технологиялық және білім беру ресурстарын ұсынуға дайын. Бұл кәсіпкерлер үшін ғана емес, сонымен қатар студенттер үшін де жаңа мүмкіндіктер ашады, олар өз білімдерін тәжірибеде қолдануға және кәсіби деңгейін арттыруға мүмкіндік алады.

Жамбыл облысының Кәсіпкерлер палатасы жан-жақты қолдауды жалғастыруда. Бизнес жоспарларын әзірлеу, жаңадан кәсіп бастаушыларды сүйемелдеу және оларды «Атамекен» ҰКП оқу орталықтарының реестріне енгізу жұмыстары жүргізілуде, бұл оқу орталықтарын ұйымдастыруда қосымша артықшылықтар алуға мүмкіндік береді.

Кездесудің маңызды сәті Кәсіпкерлер палатасы мен «77TV» телеарнасымен ынтымақтастық туралы меморандумның қол қойылуы болды. Бұл келісім салалық және салааралық кеңестердің қызметін кеңінен ақпараттық сүйемелдеуді қамтамасыз етіп қана қоймай, сондай-ақ ОСОП сияқты маңызды жобаларды насихаттауға мүмкіндік береді. Жоба қатысушыларының жетістіктерін үнемі жариялау және негізгі мәселелерді шешу жобаның назарға алынуына, оған деген сенімділіктің артуына және кәсіпкерлерді барлық деңгейлерде қолдауды күшейтуге ықпал етеді.

Кеңейтілген отырыс барлық тараптардың аймақта кәсіпкерлікті нығайту үшін бірлесіп күш жұмсауға дайын екендігін көрсетті. Мұндай бастамалар тұрақты экономикалық өсудің және адам капиталын дамытудың берік негізін қалыптастырады, аймақтың және оның тұрғындарының әл-ауқатына ықпал етеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер