«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

2025 жылғы 27-29 қаңтарда Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік Кеңесіне делегаттарды (мүшелерді) сайлау өтеді

2024 жылғы 18 Желтоқсан
- Павлодар облысы
1569 просмотров

Өңірлік кеңеске кандидаттардан өтінімдерді қабылдау 2024 жылғы 18-30 желтоқсанды қоса алғанда жүзеге асырылады. Құжаттарды Павлодар қаласы, Луговая көшесі, 16, № 306 кабинет мекенжайы бойынша офлайн тапсыруға болады.

Кандидаттар салалық және аудандық кеңестердің мүшелері қатарынан, сондай-ақ ӨКП-да аккредиттелген өзін-өзі реттейтін ұйымдар мен қауымдастықтардың алқалы органының бірінші басшылары не мүшелері қатарынан сайланатын болады.

Өңірлік кеңес мүшелігіне Кандидат келесі талаптарға сай болуы тиіс:

1) Қазақстан Республикасының азаматы болуға;

2) Салалық немесе аудандық кеңесінің мүшесі немесе Павлодар облысының кәсіпкерлер палатасында аккредиттелген қауымдастықтың атқарушы органының мүшесі болуға;

3) соңғы 3 айда салық берешегінің болмауы;

4) заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы болмауы тиіс.

Кандидаттарды ұсыну кезеңі 2024 жылғы 18-30 желтоқсан, үгіт-насихат науқаны 2025 жылғы 15 қаңтардан 24 қаңтарға дейін, дауыс беру 2025 жылғы 27-29 қаңтар аралығында.

Толығырақ ақпарат алу үшін 1432 байланыс орталығына немесе 8 (7182) 654411 (ішкі 5550, 5516) нөміріне хабарласуға болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер