«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Түркістан облысында өңірлік кеңес мүшелігіне үміткерлерден өтінім қабылдау аяқталды

2024 жылғы 31 Желтоқсан
- Түркістан облысы
947 просмотров

18 желтоқсаннан бастап Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасында Өңірлік кәсіпкерлер кеңесіне делегаттыққа үміткерлерден өтініш қабылдау жүргізілді.

Бүгінгі таңда 27 аудандық кеңестен, 15 салалық кеңестен, барлығы 42 өтініш қабылданды.

Барлық түскен өтініштер Өңірлік сайлау комиссиясында құжаттардың толықтығы бойынша тексеруден өтті.

Комиссия отырысының қорытындысы бойынша 42 үміткердің тізімі мен ілеспе құжаттар әрі қарай қарау үшін ҰКП сайлау комиссиясына жіберілді. ҰКП Орталық сайлау комиссиясы құжаттарды тексергеннен кейін үміткерлер тіркеледі. 

Өңірлік кеңес делегаттығына бекітілген үміткерлер үгіт-насихат науқанын жүргізе алады.

Үгіт-насихат кезеңі:
2025 жылдың 5 қаңтарынан 25 қаңтарына дейін.

Айта кетейік, Түркістан облысы Өңірлік кәсіпкерлер кеңесіне сайлау бекітілген кестеге сәйкес 2025 жылдың  27-29 қаңтар аралығында өтеді.

 

 

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер