«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Алматыда кәсіпкерлерге арналған банкроттық пен сауықтыру рәсімдері бойынша семинар өтті

2025 жылғы 22 Сәуір
- Алматы қаласы
304 просмотров

Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасының алаңында Қазақстан Республикасының «Қалпына келтіру және банкроттық туралы» заңын қолдануға арналған офлайн-кездесу өтті.

Іс-шараны «Қалпына келтіру және банкроттық рәсімдеріндегі басқарушылардың Қазақстандық одағы» ұйымдастырды.

Семинар кәсіпкерлік қауымдастық тарапынан үлкен қызығушылық тудырды. Оған компания басшылары, жеке кәсіпкерлер, заң қызметтерінің өкілдері, салалық қауымдастық мүшелері мен палата қызметкерлері қатысты.

Шараның спикерлері саладағы жетекші сарапшылар:

Марияш Майрамбайқызы ҚабикеноваӨзін өзі басқару ұйымының Басқарма Төрайымы, Қазақстан Халықаралық Арбитражының арбитрі, Ұлыбританияның Корольдік Арбитраж сотының мүшесі, сондай-ақ қаржы және банкроттық салаларындағы салалық кеңестердің мүшесі.
Бауржан Наймантайұлы Даркенбаев
Өзін өзі басқару ұйымының Алматы қаласы бойынша филиалының директоры.

Кездесу барысында келесі тақырыптар жан-жақты қарастырылды:

  • заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін банкроттық,
  • сауықтыру және қалпына келтіру рәсімдері,
  • бизнеске қатысты заңнаманы қолданудың тәжірибелік аспектілері мен өзгерістері.

Қатысушылар сарапшыларға сұрақтар қойып, нақты жағдайлар бойынша тегін кеңестер алды. Бұл семинарды тек ақпараттық емес, сонымен қатар тәжірибелік тұрғыдан пайдалы етті.

Өзін өзі басқару ұйымының Басқарма төрайымы Марияш Қабикенова кәсіпкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру және бизнестің тұрақты дамуына қолдау көрсету мақсатында кез келген кәсіпкерге онлайн да, офлайн да кеңес беруге дайын екенін жеткізді.


Байланыс үшін:
Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасы
Мекенжайы: Абылай хан даңғылы, 79/71 (Айтеке би көшесінің қиылысы)
Байланыс тұлғасы:
ӨКП жетекші сарапшысы
Рауан Исмайлов, +7 700 088 80 77


Еншілес ұйымдар

Серіктестер