«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Отандық өнімді қолдайық!

2016 жылғы 15 Шілде
- Павлодар облысы
10194 просмотров

Ертең Павлодар облысында өңірлік «Қазақстанның үздік тауары» байқау-көрмесі басталады

Павлодарда қала күніне орай жергілікті тауар өндірушілер өз өнімдерін қала тұрғындарының назарына ұсынады.

Павлодар облысының алдыңғы қатарлы кәсіпорындары жыл сайын «Алтын сапа», «Қазақстанның үздік тауары» байқауларына қатысу арқылы өз өнімдерінің жоғары сапасын, қауіпсіздігі мен бәсекеге қабілеттілігін танытып келеді. Аталған ең жоғарғы марапаттар өнімнің, қызмет көрсетудің сапасы мен қауіпсіздігі саласында айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізгендерге, сондай-ақ сапаны басқаруда тиімділігі жоғары әдістерді енгізгенгерге беріледі.

Павлодар облысы көпсалалы өнеркәсіптік кешені  бар Қазақстанның ірі индустриалды орталығы ретінде әйгілі. Өңір әлеуетін тиімді пайдалану үшін бүгінде барлық жағдай жасалған. Мұндағы басты нәрсе отандық бизнес өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

Қала тұрғындарына өңір кәсіпорындарында шығарылатын өнімдермен танысуға мүмкіндік туып тұр. Павлодарда өңірлік іріктеуді Қала күніне орайластырып өткізу дәстүрі қалыптасқан. Бұл бизнес-субьектілерінің қызметін бағалауға бұқара халықты тартуға септігін тигізеді.

Мәселен, 2015 жылы «Өндірістік мәндегі тауарлар» аталымында I орынды «Қазэнергокабель» АҚ иеленіп, «Павлодар құбыр жасау зауыты» ЖШС (II орын) және «ЭКОпром-Павлодар» ЖШС (ІII орын) кәсіпорындары да жеңіске жеткен еді.

«Халыққа арналған үздік тауар» аталымында І орынды «Kazakhstanproject» ЖШС, ІІ орынды «Свет» ҒӨК АҚ, ал ІІІ орынды «Мерусар и К» ЖШС иеленді.

«Үздік азық-түлік тауарлары» аталымында І орынды «Рубиком» ЖШС, ІІ орынды «Ақжар-Өндіріс» ЖШС, «Сағып» ШҚ ІІІ орынды алған еді.

Айта кетерлігі, жыл өткен сайын басқарудың алдыңғы қатарлы әдістерін қолданудың арқасында өңірде өндірілетін өнімдердің сапалық деңгейі жақсарып келеді.

Байқау қорытындысында жеңімпаздар жарияланып, жүлделер мен бағалы сыйлықтар табыс етіледі. Ол кәсіпорынның брендін ілгерілетуге септігін тигізеді.

Жүлделі орындарға ие болған өңірлік «Қазақстанның үздік тауары» байқау-көрмесінің қатысушылары Астана қаласында өтетін республикалық «Қазақстанның үздік тауары-2016» байқау-көрмесінде Павлодар облысының намысын қорғау мәртебесін иеленеді.

Байқаудың Павлодар облысы кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігі мен сапасын арттырудың маңызды құралына айналғандығы көңіл қуантады әрі жергілікті өндірушілерге республикалық деңгейде өзі туралы жария етуге, әлеуетті бизнес-серіктестерді анықтауға, өткізу нарығын жолға қоюға мүмкіндік береді.

 «Қазақстанның үздік тауары – 2016» байқау-көрмесіне қатысуға 20 кәсіпорын өтінім берді, соның ішінде іріктеу байқауында үш аталым бойынша үш үміткер анықталады:

1. «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар»;

2 «Халыққа арналған үздік тауарлар»;

3. «Үздік азық-түлік тауарлары»              

Өңірлік «Қазақстанның үздік тауары» байқау-көрмесін өткізу кестесіне сәйкес, іріктеу байқауы бірінші болып Павлодар облысында өткізіледі.

Көрме 2016 жылдың 16 шілдесі күні Естай атындағы қалалық Мәдениет сарайының алдында өтеді, басталуы сағат 10.00-де.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер