«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Алматыда «Жас кәсіпкер» жастарға арналған ауқымды жоба басталады

2019 жылғы 21 Маусым
- Алматы қаласы
6554 просмотров

Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасында жобаны ұйымдастырушылар, әлеуетті қатысушылар және бизнес-жаттықтырушылардың кездесуі өтті

«Жас кәсіпкер» бұл «Бастау Бизнес» жобасының анаологиясы бойынша жастарды кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жобасы. Жобаның мақсаты жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатында өз бизнесін құру дағдыларын қалыптастыру арқылы жастардың кәсіпкерлік әлеуетін дамыту, ауылдық елдімекендерде, шағын қалаларда, қалалар мен моноқалаларда микронесиелер мен кепілдіктер беру арқылы кәсіпкерлік бастамаларды қолдау. Мақсатты аудиториясы – NEET категориясындағы жастар, жас және аз қамтылған көпбалалы отбасылар, 18 бен 29 жас аралығындағы еңбекке жарамды мүгедектер. Жоба «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында қалаларда, аудан орталықтарында, моноқалаларда және республикалық маңызы бар қалаларда жүзеге асырылатын болады.

«Оқу 2019 жылдың ІІІ тоқсанында басталады. Қазір біз жастарды кәсіпкерлік негіздеріне оқытып, бизнес дағдыларға үйрететін  барлық бизнес-жаттықтырушыларды жобаға қатысуға шақырамыз. Республика бойынша 20 000 жас адамды оқытатын боламыз, олардың басым бөлігі Алматыда – 3200 адам. Бұл көрсеткіштерді арттыру мәселесі жақын арада қаралатын болады. Осы көрсеткіш  уақыт өте келе Алматы бойынша 10 000 адамға жетеді деп күтілуде.  Бұл негізінен 18-29 жас аралығындағы жұмыссыз жастар», – деп хабарлады «Атамекен» ҚР ҰКП Жаппай кәсіпкерлік және микро қаржыландыру департаментінің директоры-Басқарушы директор Бауыржан Оразғалиев.

Бизнес-жаттықтырушының міндетіне мыналар кіреді: жастарды кәсіпкерлік негіздеріне оқыту, қаржыландыруды алуға жәрдемдесу, қаржыландыруды алғаннан кейін іске асырылған бизнес-жобаларды сүйемелдеу, аудан/қалаларда маркетингтік зерттеу жүргізу, – жобаға қатысушылар мен басқа кәсіпкерлік субъектілері арасында экономикалық байланыстарды одан әрі орнату үшін бастапқы ақпаратты жинау (өткізу тізбегін қалыптастыру).

Оқыту ұзақтығы үш аптаны құрайды. Сондай-ақ оқыту барысында тыңдаушылардың көшбасшылық қабілеттерін қалыптастыру және психологиялық диагностикалау үшін сарапшы-психологтар тартылатын болады. Күтілетін нәтиже – қатысушылардың жалпы санының кемінде 20% бизнесін іске қосу.

«Жас кәсіпкер» және «Бастау» жобалары өзара тығыз байланысты. Екеуі де ұлттық жобалар. «Бастау» жобасы үш жыл бойы жүзеге асырылып келеді. Осы жылдар ішінде біз бизнеске 43,5 мың адамды оқыттық. Оның ішінде 11 мыңнан астам адам өз бизнесін ашып, кәсіпкер атанды. Басқа бағдарламаларға қарағанда біз тек оқытумен шектелмейміз,  микро қаржыландыруға жағдай жасаймыз, бизнесті дамытуға көмектесеміз. Бұл жұмыссыздықты алдын алудың тиімді шаралары», – деп мәлімдеді Бауыржан Оразғалиев.

Бизнес-жаттықтырушылар қызығушылық танытқан жағдайда түйіндемені cvbastau@gmail.com  электрондық мекенжайға жіберулеріңізді сұраймыз.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер