«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Түркістан: «Бір ауыл – бір өнім» жобасының финалистері марапатталды

2025 жылғы 06 Қаңтар
- Түркістан облысы
423 просмотров

Түркістан облысында «Бір ауыл – бір өнім» жобасы аясында өнімі үздік деп танылған 4 кәсіпкерлерге сертификат табысталды. 
«Бір ауыл – бір өнім» кем дегенде бір бәсекеге қабілетті өнім өндіру жолымен ауылды дамыту тұжырымдамасына негізделген жергілікті шикізаттан өнімді әзірлеу және ілгерілету жөніндегі қызметтерді ұсынуға бағытталған жоба.

«Биыл жобаға қатысуға ниетті кәсіпкерлерден 60-тан астам өтінім түсіп, 39 өнім 16 тамыз күні өткен «Бір ауыл – бір өнім» жобасының көрмесіне қатысты. Жұмысшы топ көрмеге қатысушы кәсіпкерлердің өнімдерін саралай келе 10 өнімді үздік деп таныды. Оның ішінде төрт кәсіпкер облыстың үздігі атанды. Бұл жобаны көршілес Қырғызстан мемлекеті мықтап қолға алған. Бауырлас елдің кәсіпкерлерімен тәжірибе алмасу мақсатында өңір кәсіпкерлеріне арнайы тур ұйымдастырылатын болады», - деді Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Асылан Ибадуллаев.

 «Бір ауыл - бір өнім» жобасының 2024 жылғы финалисттері:
-    Пазилбекова Жанат Полатханқызы - дәстүрлі қолөнер;
-    Шынбергенов Амантай Ерманұлы – қымыз;
-    Ерімбетов Жанзак Алзакұлы – саздан жасалған құмыра;
-    Омарова Нұрбибі Жарқынқызы – жүннен жасалған өнім.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер